Размер шрифта:
Қарағанды облысындағы мұғалімдер қауымдастығының кезекті жұмыс отырысы
08-02-2018 12:08
Қарағанды облысындағы мұғалімдер қауымдастығының кезекті жұмыс отырысы

   8 ақпан күні Қарағанды облысының ББД ОӘО базасында «Жаңартылған білім беру аясында жаңа инновацияларды енгізу» тақырыбында  Қарағанды облысындағы мұғалімдер қауымдастығының кезекті жұмыс отырысы өтті.

    Кездесу барысында қатысушылар ББД ОӘО базасында Қарағанды облысының білім беру жүйесінің даму тарихына арналып ашылған музейге барды.

    Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – жаңартылған білім беру мазмұнының өзекті мәселелерін талқылау.

     Кездесуге қатысушылар бірінші жартыжылдықтағы критериалды  бағалауды енгізудің және педагогикалық қоғамдастық желілерінің жұмысын, сондай-ақ дарынды балалармен жұмыс жасаудың заманауи тәсілдерін талқылады.

    Мұғалімге көмек көрсету үшін тест тапсырмаларының дерекқорын, тапсырмалар базасын бөлім, тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстарының базасын құру туралы шешім қабылданды.

    Мұғалімдерді нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бұйрықтарының жобалары қаралып, талқыланды.

    Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша ұсынымдар қабылданды.

    Кездесуге 14 пән бойынша қауымдастық төрағалары қатысты.