Облыстық «Шекарасыз білім беру» жобасы аясында ұйымдастырылған математика және физика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық педагогикалық идеялар фестивалі
02-03-2018 18:35
Облыстық «Шекарасыз білім беру» жобасы аясында ұйымдастырылған математика және физика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық педагогикалық идеялар фестивалі

   2018 жылдың 2 наурызында Қарағанды қаласының КММ №53 ЖББОМЛ ғимаратында облыстық «Шекарасыз білім беру» жобасы аясында ұйымдастырылған «Математика және физика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық педагогикалық идеялар фестивалінің» 2 кезеңі өткізілді.

   Фестиваль жұмысына қала мектептерінің математика және физика пәндерінің мұғалімдері қатысып, ашық сабақтар өткізді, сонымен қатар сандық білім беру ресурстары (СБР) мен әдістемелік жинақтарын таныстырды. Қала мектептерінің мұғалімдері өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілген фестивальдан көтеріңкі көңіл – күй мен сабақтарына қолдануға болатын көптеген әдістемелік идеялар алды. Фестивальдің арнайы қонақтары ретінде Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың физика факультетінің профессоры Дарибеков Сағатбек Дарибекович және математика факультетінің доценті Кервенев Қабылғазы Ережепұлы қатысты. Фестивальға ұсынылған материалдардан электрондық жинақ әзірленіп, мұғалімдерге табысталды, сонымен қатар фестивальға қатысқан мұғалімдердің жұмыстары жоғары деңгейде бағаланып, жеңімпаздар «Ең үздік сабақ», «Ең үздік СБР», «Ең үздік әдістемелік құрал» номинациялары бойынша  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, Алғыс хаттармен марапатталды.