«Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту» облыстық семинар-практикумы
02-03-2018 10:43
 «Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту» облыстық семинар-практикумы

   2018 жылдың 02 наурызында Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің базасында балаларға қосымша білім беру ұйымдарының «Қазақ халық аспаптары» сыныбының педагогтеріне арналған «Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өтті.

   Семинарға Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері, қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері Шоқанбаев Абдугалисын қатысты.