VI облыстық шығармашылық практикум мастер-класс
06-03-2018 22:31
VI облыстық шығармашылық практикум мастер-класс

2018 жылдың 06 наурызында Қарағанды облысының бейнелеу өнері мұражайында «Өнерлі шебер»VIоблыстықшығармашылық практикум мастер-класс өтті.

 Ұйымдастырушылар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды қаласының №1 балалар көркемөнер мектебі.

 Іс-шараға облыстың балалар көркемөнер мектептерінің, бейнелеу өнері студиясының өнер мектептерінің көркемөнер-эстетикалық бағытындағы 70 педагогі қатысты. Іс-шара «Қаладағы қыс мезгілі» тақырыбында өтті.

 «Өнерлі шебер» іс-шарасының шеңберінде Қарағанды қаласының №1 балалар көркемөнер мектебінің педагогтері жүргізген төрт мастер-класс өткізілді:

 «Графикадағы миниатюра» – Қарағанды қаласының суретшілер одағының және кәсіби суретшілердің Халықаралық ассоциациясының мүшесі Шапошев Алексей Михайлович;

  • «Калькадан жасалған пейзаж» – Ворона Наталья Яковлевна;
  • «Қысқы ұйқы» – Брагина Ольга Валериевна;
  • «Көңілді түймелер»- Алешина Татьяна Стасисовна.