Айдарлар

02.10.2013

1.        «Ізденіс»газетінің   негізгі айдарлары:

•          «НОВОСТИ»; «ЖАҢАЛЫҚТАР»: Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы  жаңалықтар;

•      «ОРТАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ»-«НОВОСТИ УМЦ»: Оқу-әдістемелік орталық жаңалықтары;

•       «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ»-«ДОШКОЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ»: балабақшада өткізілген іс-шаралар жайлы жаңалықтар,  мектепке дейінгі білім беруді дамытудың өзекті мәселелері, балабақшада тәрбие берудің жаңа әдістері: артықшылықтары мен кемшіліктері және т.б.;

•         «МЕКТЕП ЖАҢАЛЫҚТАРЫ» - «ШКОЛЬНЫЕ НОВОСТИ»: мектеп өмірінен жаңалықтар, жаңа білім беру технологияларының тиімділігі,  заманауи мектептің өзекті проблемалары, орта мектептегі тәрбие жұмысы, орта мектепте сабақ беру әдістемесі мен технологиялары, «Мұғалім» мамандығы  жайлы ой-толғанысжәне т.б.;

•     ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ:  заманауи мектепті тиімді басқару  әдістері, өзекті проблемалар мен жетістіктер, мектеп ұжымымен жұмыс істеу, өкілеттілік беружәне т.б.;

•    «ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ»: колледж және кәсіптік лицейлер жаңалықтары, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері және жолдары, тиімді әдістер мен кемшіліктерді  саралау және т.б.;

•           «МЕКТЕП ПСИХОЛОГІ»-«ШКОЛЬНЫЙ ПСИХОЛОГ»: мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі психологтің іс-тәжірибесінде туындайтын өзекті мәселелердің көтерілуі,  балалардың оқыту процесіне бейімделуіне және осы  кезеңдегі проблемаларды шешуге байланысты психологтің нақты ұсыныстары мен әдістері және т.б.;

Қосымша айдарлар:

•   «ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ»:  білім берудің баршаға ашықтығы,  мүмкіндігі шектеулі балалардың заманауи білім алу проблемалары мен инклюзивті білім беру саласын дамыту мәселелері және т.б.;

 •   «БІРЫҢҒАЙ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ» - «ЕНТ»: БҰТ-ға дайындықтың тиімді әдістері мен негізгі мәселелері, БҰТ-ға дайындықтың психологиялық аспектілері, БҰТ-ға дайындық тестілерін апробациялау және т.б.;

•  «ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕП»-«МАЛОКОМПЛЕКТНЫЕ ШКОЛЫ»: ШЖМ проблемалары, ресурстық орталықтар, шағын мектептердегі өзекті мәселелерді шешу жолдары және ұсыныстар, т.б.;

•     «ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ»-«ДОПОЛНИТЕЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ»: балаларға арналған қосымша білім беру орталықтары, үйірмелер , секциялар жайлы мәліметтер, олардың жұмысы, даму жағдайы, проблемалары мен жетістіктері жайында және т.б.;

• «ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ ТАНЫ»-«ПОЗНАЙ СЕБЯ»: өзін-өзі танудың жаратылыстану және гуманитарлы бағыттарымен ұштасуы. Мен кіммін? Қайдан келдім? Не үшін өмір сүремін? деген сұрақтарға жауап іздеу. Рухани тәрбиені дамыту жолдары. Пікір бөлісуге шақырамыз;

•  «ШЕБЕРЛІК СЫНЫП»-«МАСТЕР-КЛАСС»: мектеп мұғалімі жеке іс-тәжірибесі, тиімді ұсыныстар мен пікірлер және т.б.;

• «САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ»-«ЗДОРОВЫЙ ОБРАЗ ЖИЗНИ»: салауатты өмір салтын  ұстану принциптері мен жолдары, балаларды салауатты өмір салтына бейімдеу және т.б.;

•   «ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНДЕ»-«МИР ЛИТЕРАТУРЫ»: әдістемелік құралдар мен мектеп оқулықтарына шолу, бала бойында кітап оқуға деген сүйіспеншілік пен бейімді қалыптастыру және т.б.; •  «ТАРИХ БЕТТЕРІНЕН»-«СТРАНИЦЫ ИСТОРИИ» - қала, аймақ және ел тарихынан қызықты мәліметтер, фактілер, облыс білім беру ардагерлері мен білім беру мекемелерінің  құрылу тарихынан мағлұматтар және т.б.;

 •   «АЙТАРЫМ БАР»-«ХОЧУ СКАЗАТЬ»: газет оқырмандарының тілегі, ой-пікірлері, ұсыныстары мен сұрақтары;

•  «ҚЫЗЫҚТЫ МАҒЛҰМАТТАР»-«ЭТО ИНТЕРЕСНО» -  жалпы дүниежүзілік білім  беру кеңістігінен қызықты мағлұматтар жене т.с.с.;

•    «ХОЧУ СКАЗАТЬ»:мнение и вопросы читателей;

«Ізденіс» газеті редакция алқасы