«ЗАМАНАУИ БІЛІМ»
журналында жарияланатын мақаланы ресімдеу талаптары
«ЗАМАНАУИ БІЛІМ» журналына мақаланы қалай жариялауға болады?
-
Мақаланың мазмұны журналдың тақырыптық бағыттарына және ғылыми деңгейіне сәйкес келуі қажет.
-
Мақалалар 2 тілде: қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
-
Мақала электронды және қағазға басылған түрде (мәтін: қағаз форматы А4, шрифт Times New Roman, кегль 14, бет өлшемдері: сол жақ шеті – 3 см., оң жақ – 1,5 см., жоғарғы және төменгі шеті – 2 см., жоларалық интервал – 1.). Мақала көлемі 8 беттен (әріптер арасындағы бос орындармен қосып санағанда), баспаға берілуге 20 000 белгіден аспауы қажет.
-
Мақалаға мыналар қоса беріледі:
-
Мақаланың жоғарғы жағында автор жайлы мәліметтер (қазақ және орыс тілдерінде мақала мәтіні қай тілде жазылуына байланысты), автордың Т.А.Ә., лауазымы, ғылыми атағы, жұмыс орнының толық атауы, пошта мекен-жайы және электронды пошта атауы және байланыс телефондары міндетті түрде көрсетіледі.
-
Мақаланың қазақ және орыс тілдеріндегі атауы.
-
10 жолдан аспайтын, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түйін (аннотация).
-
Қолжазба соңында әдебиеттер тізімі беріледі, мәтінде дәйексөз тәртібімен сілтемелер нөмірі көрсетіледі.
-
Таблица және графикалық материалдар мақала мәтініне сай орналасады. Сонымен қатар мәтіндегі сызба, таблица және басқа да графикалық материалдардың бөлек файл, яғни,
( диаграммалар мен графиктер Microsoft Excel форматында) ретінде берілуі талап етіледі.
-
Қағазға басылған мәтінде мақала авторының, бірнеше автор болса, барлығының қолы қойылуы тиіс.
-
Суреттер мен фотоматериалдар мәтіннен бөлек электронды түрде, JPEG, Adobe Photoshop, Adobe Illustrator, Corel Draw, Adobe InDesign форматында қабылданады. Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint, OpenOffice нұсқасында берілген фотоматериалдар қабылданбайды.
-
Редакция қабылданған материалдарды мүмкіндігінше авторлық стильді сақтай отырып өңдеу құқығына ие.
-
Редакция аталған талаптарға сай келмейтін материалдарды себебін түсіндірусіз қабыл алмайды. Қолжазбаларға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.
-
Материалдар редакцияға мына мекен-жайға беріледі: Қарағанды қ., С.Сейфуллин к-сі., 8/2 үй., 319 каб. Редакцияның байланыс телефоны: 8 (721)250 25 12;
«Ізденіс» газеті редакция алқасы