«БІЛІМ БЕРУ РОБОТОТЕХНИКАСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ «РОБОТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ САЛАЛАРЫ» ШЕБЕРЛІК СЫНЫП
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы педагогтердің шығармашылық белсенділігін дамыту, техникалық пәндерді танымал ету мақсатында 2022 жылдың мамыр айының 31- і күні онлайн режимде ZOOM конференциясында «Білім беру робототехникасы» жобасы аясында «Роботтардың түрлері және оларды қолдану салалары» бойынша шеберлік сынып өткізді.
Өзінің іс-тәжірибесімен Әбдіқашев Нұрлан Аманжолұлы«Үштөбе тірек мектебі (Ресурстық орталық)» КММ «Информатика» пәнінің мұғалімі бөлісті.
Шеберлік-сыныпқа 113 облыстың мұғалімдері қатысты.