«Күмбірле, сазды домбыра» облыстық байқауы
25-04-2024 10:09
«Күмбірле, сазды домбыра» облыстық байқауы

      Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 25 сәуір күні «Күмбірле, сазды домбыра» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Байқаудың мақсаты:Өнер саласында музыка пәні педагогтерінің домбырада орындаушылық шеберліктерін, кәсіби біліктілігін арттыру және музыканттардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байқауда Бұқар жырау ауданының Сарытөбе НОМ көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мәлік Жомарт«Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» шеберлік сыныбын және «Руханият» қосымша білім беру орталығының педагогтері осы саладағы өнер туындыларымен бөлісті.

«Күмбірле, сазды домбыра» облыстық байқауына аудан/қалаларда өткізілген 1 кезеңнің жеңімпаздары қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Байқаудың екінші кезеңі бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:

Бас жүлде:Оразбекова Тилеужан Жангазыевна, Қарқаралы ауданы «№19 ЖББ тірек мектебі РО» КММ;

І дәрежелі Диплом:Дарменшеев Ержан Амандыкович, Теміртау қаласы «№3 ЖББМ» КММ;

ІІ дәрежелі Диплом:Ақжігіт Ырзагүл Жексенбіқызы, Қарағанды қаласы «№10 ЖББМ» КММ;Шадит Айгул, Бұқар жырау ауданы «Байқадам ЖББМ» КММ;

ІІІ дәрежелі Диплом:Жаманбеков Амангелды Серикович, Қарағанды қаласы «№66 мектеп-лицей» КММ; Ахметжанова Динара Ермалаевна, Қарағанды қаласы «№3 гимназия» КММ; Еркинова Жанна Еркиновна, Балқаш қаласы «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ марапатталды.

Байқауға белсене қатысқан қатысушыларға Сертификаттар табыс етілді.

Жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтаймыз!