Размер шрифта:
Облыстық әдістемелік бірлестік аясында «Ең үздік әдістемелік әзірлеме 2014» байқауы өтті.
24-12-2014 03:13
Облыстық әдістемелік бірлестік аясында  «Ең үздік әдістемелік әзірлеме 2014» байқауы өтті.

         Облыстық әдістемелік бірлестік аясында  «Ең үздік әдістемелік әзірлеме 2014» байқауы өтті.  Байқауға облыс көлеміндегі колледждерден 49 үміткер қатысты. Байқауға әр түрлі номинациялар бойынша түрлі мазмұндағы жұмыстар жіберілген болатын, аталған жұмыстарды әділқазылар саралап, өз бағаларын берді. Әділқазылар алқасының құрамында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері Р.А. Шаяханова мен А.А. Еставлетова және әдістемелік бірлестік жетекшілері А.И. Сыздықова мен К. З. Жакуповалар болды.  Желтоқсан айының 22 жұлдызында Қарағанды коммерциялық колледжінде байқаудың марапаттау кезеңі өтті. «Әдістемелік ұсыныстар» номинациясы бойынша қазылар алқасы 8 жұмыстың ішіндегі ең үздігі Жезқазған гуманитарлық колледжінің  «Кәсіби біліктілік – мамандыққа жарқын жол» атты жұмысы деп таныды. Авторы Асылбекова Б.Ш. «Оқу-әдістемелік көмекші құралдар»  номинациясы бойынша Қарағанды кәсіби техникалық колледжінің оқытушылары Д.В.Цай мен Р.Р. Жиенқұлованың «Аппаратное обеспечение вычислительной системы»  атты көмекші құралы I орынды иемденді. Оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Д.С. Асакаева құттықтап, шығармашылықтарына табыс тіледі.