Физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
12-01-2018 12:20
Физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы

2018 жылдың 12 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес №2 БИЛ базасында мамандандырылған мектеп – интернаттарының физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді. Барлығы 15 мұғалім қатысты.

Педагогтер оқушыларды олимпиадаға дайындаудың әдістерімен бөлісіп, ІІ тоқсан бойынша ТЖБ нәтижелерінің қорытындысын және вариативті курстардың мазмұнын қарастырды.