«Бейнелі картаны» нәтижелі қолдану
15-02-2018 16:51
«Бейнелі картаны» нәтижелі қолдану

2018 жылдың 15 ақпаныңда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Ұлытау ауданының №6 Жезді орта мектебінің базасында «Бейнелі карта» жобасының шеңберінде географиялық білім беру жүйесінің модернизациясы» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

«Бейнелі карта» жобасында Ұлытау ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті тәжірибедегі базалық дағдылар мен қабілеттіліктерді интерактивті режимде қолдануға мүмкіндік беретін нәтижелі жұмыс түрінің әдістемелерімен бөлісті.

Ұлытау ауданының жетекші мұғалімдері панорамалық сабақтар көрсетті:

Қыдырманова А.С. – Жезді кентінің №6 ОМ география мұғалімі.

Жаканов Б. – №7 ОМ география мұғалімі.

Шеберлік – сыныптар мен коучингтер арқылы жұмыс тәжірибесімен бөліскендер:

- Шалғынбаева А.С. – Қарсақпай кентінің №15 ОМ.

- Жакупова Ж.Б.– Қарсақпай кентінің №15 ОМ.

- Қожантаев О.Е. – Жезді кентінің №6 ОМ.

Семинарға Жезқазған, Сәтбаев қалаларынан, Ұлытау ауданынан барлығы 35 мұғалім қатысты.