ММИ ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ОӘБ отырысы
16-02-2018 14:07
ММИ ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ОӘБ отырысы

2018 жылдың 16 ақпанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында мамандандырылған мектеп–интернаттардың ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы болып өтті.

Аталмыш шараға «Мұрагер», «Дарын», Жамбыл атындағы, Н.Нұрмақов атындағы, №1 және №2 Білім-Инновация лицейі мектеп-интернаттардың ағылшын тілі пәнінінің мұғалімдері қатысты. Қатысушылар «Ағылшын тілі» сабағының жаңартылған білім беру мазмұнының критериалды бағалау жүйесі, авторлық және вариативті курстарының бағдарламаларын құрастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.