«Оқу шаттығы» – оқу сауаттылығына бағытталған тиімді жоба
16-02-2018 14:30
«Оқу шаттығы» – оқу сауаттылығына  бағытталған тиімді жоба

   ҚО ББД ОӘО және Қарағанды қаласының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің  жылдық жоспарына сәйкес 16 ақпан күні №66 мектеп-лицей базасында облыстық «Оқу шаттығы» жобасы бойынша тәжірибеге енген 5 мектеп, атап айтқанда №39, 93 гимназиялар, №66 мектеп-лицей және №81,86 жалпы білім беретін мектептер облыс көлемінде атқарылған жұмыстары бойынша есеп беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

  Осы аталмыш семинарға облысымыздың 18 аймағынан 41 өкіл қатысты.

   Қарағанды қаласынан жобаға қатысушы 5 мектеп өз шараларын 4 бағытта жоспарлап, атқарылған жұмыстарын көрме түрінде көпшілік назарына ұсынды. Көрмеде «Үздік эсселер», «Жас ақындардың шығармашылығы» жинақтары, «Оқырман күнделіктері», «Үздік дәптерлер», функционалдық сауаттылықтарға байланысты тапсырмалар жинағы, тақырыптық кештер мен мерекелік шаралардың әзірлемелер топтамасы қатысушылар назарына ұсынылды.

   Жобаға қатысушы бес мектептің жауапты жетекшілері мен дарынды шәкірттері, ата-аналары семинардың жабылу салтанатын концерттік бағдарлама түрінде ұйымдастырып, келген қонақтарға жағымды көңіл-күй сыйлай білді. Семинарға қатысушы ұстаздар рефлексия барысында мақсатқа бағытталған әрбір шараның, семинар мазмұнының тереңдігін атап өтті.