«Жаңартылған білім беру мазмұны» облыстық семинары
21-02-2018 12:39
«Жаңартылған білім беру мазмұны» облыстық семинары

2018 жылдың 21 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемілік орталығының ұйымдастыруымен С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінде «Жаңартылған білім беру мазмұны: мұғалімнің кәсіби тұлғасын қалыптастырудағы интербелсенді әдістер» атты бір күндік облыстық семинары өткізілді.

Семинарға қала, аудан білім бөлімдерінің, мамандандырылған мектеп-интернаттарының қазақ тілі мен әдебиеті пән ассоциацияларының төраға/төрайымдары жалпы алғанда 28 педогог қатысты.

Қазақ әдебиеті және қазақ тілі бойынша 5«А» сыныбында Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді, 7«А»сыныбында «Достық» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. «Оқушы логикасын дамытуда PISA тапсырмаларымен жұмыстың тиімділігі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын АКТ түрлері» тақырыбында шеберлік сағаттары ұсынылды. Ал «Оқушыларды оқу жетістіктеріндегі критериалды бағалаудың маңызы», «Орыс тілінде оқытылатын сыныптарда қазақ тілін интербелсенді әдістер арқылы оқыту», «Сабақ беру үдерісіндегі кері байланыстың маңызы, түрлері» тақырыбында коучинг, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.