ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА «ТІЛ ӘЛЕМІНДЕ» АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ
23-02-2018 17:02
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА «ТІЛ ӘЛЕМІНДЕ» АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

     2018 жылдың 23 ақпанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Саран қаласы «№1 ЖББОМ» КММ «Тіл әлемінде» ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға үштілді білім беруді енгізіп жатқан 55 пилоттық мектептің физика, химия, биология және информатика пәндерінің мұғалімдері қатысты.

    Аталмыш іс-шараның мақсаты -  үш тілді үйренуге қабілетті оқушыларды қалыптастыру бойынша іс-тәжірибемен бөлісу.

    Ашық есік күні аясында мектепте «Территория детских улыбок» көрмесі ұйымдастырылып, мектепте  үш тілділікті  енгізу барысы  туралы  бейнефильм көрсетілді (Қарағанды облысының барлық аймақтарынан 70 адам қатысты).   Қонақтардың назарына 16 көлемді іс-шара  ұсынылды. Үш тілділікті енгізе отырып ғылыми-жаратылыстану циклінің  вариативті бөлімі бойынша  сабақтар өткізіліп, «Дебат», «Телемост»,  «Клуб отырыстары» сынды сыныптан тыс іс-шараларда  білім алушылар үш тілді меңгеру деңгейін көрсетті.

    Ашық есік күні көтеріліп отырған мәселенің өзектілігімен  қатысушылардың  жоғары бағасына ие болды.