«PISA – 2018-ге» дайындық
26-02-2018 12:42
 «PISA – 2018-ге» дайындық

 ҚО ББД ОӘО базасында 2018 жылдың 26 ақпанында Қарағанды облысының колледждері мен мектептерінің химия, биология, физика, география және математика пәні мұғалімдеріне тәжірибелік көмек көрсету мақсатында «PISA – 2018» халықаралық зерттеуінің шеңберінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында облыстық семинар өтті.

 Күн тәртібіндегі негізгі сұрақ – мұғалімдердің функционалдық сауаттылығын жетілдіру және халықаралық зерттеуге дайындық бойынша жұмыстарды ұйымдастыру болды.

 Семинар қатысушылары практикум барысында функционалдық сауаттылық мәтіндерді іріктеу ережелерін және тапсырмаларын талдады.

 Семинарға мектеп және колледждерден 92 жаратылыстану пәні мұғалімдері қатысты.