«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ИНКЛЮЗИВТІК БАҒЫТ БЕРУДЕГІ ПМПК РӨЛІ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
27-02-2018 18:22
«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ИНКЛЮЗИВТІК БАҒЫТ БЕРУДЕГІ ПМПК РӨЛІ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

  2018  жылдың  27  ақпанында  Қарағанды  облысында  инклюзивті  білім  беруді  дамытудың  2016 - 2019  жылдарға  арналған  Жол  картасын  жүзеге  асыру  бойынша  іс - шаралар  Жоспарының  шеңберінде «Қарағанды  облысының  жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарына  инклюзивтік  бағыт  берудегі  пмпк  рөлі»  тақырыбында  дөңгелек  үстел  өтті.

 Семинарға  Қарағанды,  Теміртау,  Балқаш  қалаларының психологиялық - медициналық - педагогикалық  кеңес  басшылары, Қарағанды  қаласының  «№27 ЖББОМ»  КММ  жанындағы  Ресурстық орталық мұғалімдері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, стажер  алаңдарының  инклюзивтік  білім  беру  бойынша  директор  орынбасарлары  қатысты.