«Инженерлік үшөлшемді модельдеу» облыстық байқауы
27-02-2018 14:31
«Инженерлік үшөлшемді модельдеу» облыстық байқауы

   2018 жылдың қаңтар айының 22-нен ақпан айының 27-і аралығында «Болашақ инженерлер» облыстық жобасын іске асыру шеңберінде білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы «СИНЕРГИЯ» (SYNERGY) ғылыми-білім беру қорымен бірлесіп, «Инженерлік үшөлшемді модельдеу» байқауын өткізді.

  Байқау сырттай және күндізгі кезеңдер арқылы, «Моделдеу» және «Автомоделдеу» екі номинация бойынша өтті.

  Байқаудың сырттай кезеңіне облысымыздың 72 мектебінен 130–дан астам оқушылардың жұмысы келіп түсті. Әділ қазылардың шешімімен байқаудың күндізгі кезеңіне үздік 30 жұмыс таңдалып алынды.

  Байқаудың күндізгі кезеңі 2018 жылдың ақпан айының 27 күні Қарағанды қаласының С. Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің базасында өтті.

  Күндізгі кезеңнің «Моделдеу» номинациясы бойынша оқушыларға күрделілігіне қарай үш түрлі тапсырма ұсынылып, критерийлеріне сәйкес қосымша ұпайлар берілді. «Автомоделдеу» номинациясында қатысушылар мультимедиалық презентация жасап, автокөлік үлгісін дайындады. «Болашақтағы машина» тақырыбында модельдің сапасы, дизайнерлік шешімдері бағаланды.

 «Моделдеу» номинациясының қорытындысыбойынша:

І орын – Қарағанды қаласының №101 МЛ оқушысы Матросов Роман;

ІІ орын – Қарағанды қаласының №12 ЖББОМ оқушысы Нұрбаев Аслан; Осакаровка кентінің №12 ЖББМ оқушысы Абайбеков Ренат; Балқаш қаласының С. Сейфуллин атындағы №7 МГ оқушысы Слямханов Диас;

ІІІ орын – Балқаш қаласының Абай атындағы №2 Лицейінің оқушысы Мықтыбек Ердос;

Жезқазған қаласының №26 Гимназиясының оқушысы Чемезов Марк;

Балқаш  қаласының С. Сейфуллин атындағы №7 МГ оқушысы Рахимберлин Асанали.

«Автомоделдеу» номинациясының қорытындысыбойынша:

І орын – Қарағанды қаласының №101 МЛ оқушысы Астахов Никита;

ІІ орын – Қарағанды қаласының С. Саттаров атындағы №57 МЛ оқушысы Құрмаш Әлишер;

ІІІ орын – Шахтинск қаласының . А. Бокейхан атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Жарылгасын Бахтияр.

   Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша ең үздік 10 жұмыс Санкт-Петербург қаласындағы өтетін Халықаралық үшөлшемді модельдеу байқауына жіберіледі.