«Оқытудың әдіс-тәсілдерінің мазмұнын жаңарту – білім беру сапасын көтерудің негізгі шарттары»
28-02-2018 20:44
 «Оқытудың әдіс-тәсілдерінің мазмұнын жаңарту – білім беру сапасын көтерудің негізгі шарттары»

 2018 жылдың 28 ақпанында Қарағанды қаласынының №92 гимназиясында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде және аймақтағы мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында «Оқытудың әдіс-тәсілдерінің мазмұнын жаңарту – білім беру сапасын көтерудің шарттарының негізі» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар болып өтті.

   Семинарға гуманитарлық пәндерге жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, облыс бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысты, барлығы 53 адам.

  Семинар шеңберінде «Әдеби-отбасылық мейрамхана» облыстық жобасына қатысқан мектептердің ағымдағы оқу жылындағы жарты жылдық жұмыстарының қорытындысы жасалды. Сәтбаев қаласы №25 орта мектебі берілген жобаны жүзеге асыру аясында бейнебаян ұсынып, осы бағытта ата-аналар және оқушылармен жүргізілген жұмыстары туралы айтып өтті.

  Семинар қатысушыларының назарына тәжірибеге бағытталған іс-шаралар мен шеберлік сағаттары көрсетілді. Семинар жаңартылған білім мазмұны жүйесінде мұғалім мен оқушының жұмыс жасау мүмкіндіктері қарастырылған «Мәтінмен жұмыс жүргізу барысындағы оқытудың белсенді әдістері» тақырыбындағы коучингпен аяқталды.

 Семинар рефлексиясы қатысушыларға жаңартылған білім мазмұнындағы тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік беріп, мақсатқа жету барысында кездесетін кедергілерді шешу жолдарын ұсынды.