«БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДАҒЫ МАТЕМАТИКА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗГЕРМЕЛІ ӨМІРГЕ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ШАРТЫ»
01-03-2018 10:33
«БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДАҒЫ МАТЕМАТИКА»  ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗГЕРМЕЛІ ӨМІРГЕ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ШАРТЫ»

  1 наурыз 2018 жылы Қарағанды облысы оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының № 92 гимназиясында «Біздің айналамыздағы математика» педагогикалық жобасы аясында «Функционалдық сауаттылық-оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты» тақырыбында облыстық семинар өтті.

 Семинардың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын белсенді әдістер арқылы қалыптастырып, алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету.

  №15,53,66,76,92 мектептің бастауыш сынып ұстаздары осы жоба аясында ашық сабақтар, ата – аналармен жұмыс, сыныптан тыс іс – шаралар, шеберлік сағаттары арқылы іс – тәжірибе алмасты.

 Гимназия кіреберісінде «Біздің айналамыздағы математика» тақырыбында мұғалімдердің әдістемелік өнімдері және оқушылардың қолдан жасаған бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Әр мектептің қойған көрмесін оқушылар және ұстаздар таныстырып өтті. 

    Семинарға  Абай, Бұқаржырау, Осакаров, Ақтоғай, Нұра, Ұлытау, Шет, Жаңаарқа аудандары мен Саран, Жезқазған, Сатпаев, Приозерск, Теміртау, Балқаш, Қарағанды, Шахтинск қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.