«Музыкалық өнердің оқушылардың рухани-адамгершілік дамуындағы рөлі» тақырыбында семинар практикум
01-03-2018 10:53
«Музыкалық өнердің оқушылардың рухани-адамгершілік дамуындағы рөлі» тақырыбында семинар практикум

  2018 жылдың 01 наурызында Қарағанды қаласының «№5 балалар музыка мектебі» КМҚК базасында «Музыкалық өнердің оқушылардың рухани-адамгершілік дамуындағы рөлі» тақырыбында балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің тәрбие ісі жөнінде директор орынбасарларына арналған семинар практикум өтті.

  Семинарға Қарағанды облысының 9 аймағынан 21 педагог қатысты. Семинар қатысушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыруға қатысатын қызметкерлерге арналған әдістемелік нұсқаулықтармен, Қарағанды қ. №1 балалар музыка мектебінің жалпы орта білім беретін мектептермен әлеуметтік серіктестік жұмысының тәжірибесімен танысты.

  Семинардың тәжірибелік бөлімінде Абай қ. балалар өнер мектебінің, Абай ауданы, Дубовка кентінің ЭНЕСКО клубы өнер мектебінің, №2 өнер мектебі – ЭНЕСКО клубының, Қарағанды қ. Қ. Аманжолов атындағы БММ, Теміртау қ. Ғ. Жұбанова атындағы балалар өнер мектебінің сабақтан тыс жұмыстар бойынша жұмыс түрлері көрсетілді.