PISA форматындағы сынақ тестілеу күні
13-03-2018 12:21
PISA форматындағы сынақ тестілеу күні

   2018 жылдың 13 наурызында Қарағанды облысының 9 колледжі мен 27 мектебінде PISA форматында тестілеу жүргізілді. Тестілеу  15 жастағы білім алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығын бағалау мен деңгейін анықтау мақсатында жоспарға сәйкес өткізіліп, 980 мектеп оқушысы мен 752 колледж студенттері қатысты. Әр оқушыға оқу және математика, жаратылыстану сауаттылықтары бойынша тест тапсырмаларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тестілеудің өту барысын қалалық және аудандық білім бөлімінің әдіскерлері бақылады.