«Денсаулық Территориясы шекарасыз!» атты интерактивті сабақ
14-03-2018 15:00
«Денсаулық Территориясы шекарасыз!» атты интерактивті сабақ

   2018 жылғы 14 наурызда  жалпы орта білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары үшін нашақорлықтың алдын алу, жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау  бойынша «Денсаулық Территориясы шекарасыз!» атты интерактивті сабақ өтті.

   Сабаққа ҚО ІІД нашақорлықпен күрес  басқармасының  нашақорлықпен күрес басқармасы бөлім басшысы, полиция подполковнигі Бузук Александр Владимирович; ҚО ІІД жергілікті полиция қызметі ювеналды  полиция бөлімінің басшысы, полиция майоры Құттыбаев Рустем Сергеевич;  облыстық наркологиялық диспансердің дәрігер-наркологі Бейсекеева Асель Бериковна  қатысты.