«Ақпараттық технолгиялар» тақырыбында мамандырылған мектеп-лицей интернатының базасында информатика, сызу, технология пәндерінің мұғалімдеріне шеберлік-сыныбы өтті
14-03-2018 11:42
«Ақпараттық технолгиялар» тақырыбында мамандырылған мектеп-лицей интернатының базасында информатика, сызу, технология пәндерінің мұғалімдеріне шеберлік-сыныбы өтті

  2018 жылдың  наурыз айының 14 күні «Ақпараттық технолгиялар» мамандырылған мектеп-лицей интернатының базасында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ғылыми-техникалық бағытын насихаттау мақсатында, информатика, сызу, технология пәндерінің мұғалімдеріне шеберлік-сынып өткізді.  

  Шебер-сынып шеңберінде «Ақпараттық технолгиялар» мамандырылған мектеп-лицей интернатының информатика пәнінің мұғалімі Асқарова Г.М., сондай-ақ  Қарағанды қаласының №101мектеп-лицейінің  қосымша білім беру мұғалімдері Мухтарова Т., Сүлейменова А.Б. тәжірибелерімен бөлісті.

 Қатысушылар шебер-сыныптың кәсібилігін, мұғалімдердің жоғары біліктілігін, сонымен қатар сабақ беру кезінде кеңейтілген жаңа мүмкіндіктер мен бағыттарды ашқанын атап өтті.