Размер шрифта:
WorldSkills Kazakhstan 2019 чемпионатына қатысу сұрақтары бойынша отырыс
17-10-2019 15:47
WorldSkills Kazakhstan 2019 чемпионатына қатысу сұрақтары бойынша отырыс

   2019 жылдың 17 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында  WorldSkills Kazakhstan 2019 чемпионатына қатысу жөніндегі ұйымдастыру сұрақтары бойынша чемпионатқа қатысушы колледждердің директорлары мен бас сарапшылар отырысы өтті.

 Отырысқа 9 колледж директорлары мен 29 бас сарапшы қатысты.

   Отырыс барысында кейбір құзыреттер бойынша чемпионат тапсырмаларына ұсыныстар мен өзгерістер енгізу, облыс құрама командасының бірыңғай киім үлгісі, команда көшбасшысын таңдау, қатысушылардың жол жүруі мен орналасуы, қатысушылардың даярлығы сияқты сұрақтар талқыланды.