Кәсіптік білім беретін оқу орындары арасында информатика пәні бойынша облыстық студенттік олимпиада
28-02-2020 22:18
Кәсіптік білім беретін оқу орындары арасында информатика пәні бойынша облыстық студенттік олимпиада

2020 жылдың 28 ақпанында «Қарағанды жоғары «Bolashaq» колледжі» ЖММ базасында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары арасында информатика пәні бойынша облыстық студенттік олимпиада өтті. Барлығы 29 студент және 29 оқытушы қатысты.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды:

Бірінші кезең (теориялық) - тест тапсырмалары (40 сұрақ).

Екінші кезең (практикалық) - Corel DRAW бағдарламасында тапсырмаларды орындау.

Қатысушылар тапсырмаларды орындау барысында информатика оқытушыларының арасында «Гиперақпараттық орта жағдайында білім беруді, оқыту мен тәрбиелеуді дамытудың заманауи мәселелері» тақырыбында пікірталас өтті.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 10 студент екінші кезеңге өтті.

Екінші кезеңнің нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орын - Юрчик П. Д., жетекшісі- Қонарбай Арғын Қайратұлы («Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ); 2 орын - Тлеубердин А. Е., жетекшісі – Кунчаева Жанар Бакитовна («Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК); 3 орын – Арутюнян Б. В., жетекшісі – Токшаликов Дастан Бейсенұлы («Фемида" заң колледжі» ЖШС); 3 орын – Мұқанбетрақым К. А., жетекшісі – Айтуарова Манара Жарылғапқызы («Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК).

Олимпиада жеңімпаздары дипломдармен, ал қатысушылар сертификаттармен марапатталды.