Химия және биология оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн-кеңесі
16-04-2020 12:47
Химия және биология оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн-кеңесі

2020 жылдың 16 сәуірінде онлайн форматта Қарағанды облысы колледждерінің химия және биология пәні оқытушыларының кеңесі өтті.

Кеңес барысында облыстық әдістемелік бірлестіктің одан әрі жұмысы, оқытушылардың видеоконтенттер банкін құру және келесі отырыс бағдарламасы сияқты мәселелер талқыланды. Іс-шараға облыс колледждерінің 50 оқытушысы қатысты.