Размер шрифта:
ММИ қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестік жетекшілерінің onlin- отырысы
30-09-2020 10:31
ММИ қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестік жетекшілерінің  onlin- отырысы

30 қыркүйек мамандандырылған мектеп-интернаттардың қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын үйлестіру мақсатында ӘКЖ отырысы болып өтті. ZOOM платформасы арқылы өткен шараға Білім басқармасының бас маманы Сулейменова Қ.Қ. қатысып, білім беру саласында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және оны қолдану мәдениетін арттыру мәселесі туралы ойларымен бөліссе, қазақ тілі мұғалімдері қауымдастығының жетекшісі Интыкбаева Л.Ж. оқыту орыс тіліндегі сыныптарда қазақ тілін оқытудағы ерекшеліктерге тоқталып өтті. Әдіскер Г.Жаркеева жалпы ММИ ӘК жұмысын үйлестіру және оқыту қазақ тіліндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, ОӘО тарапынан енгізіліп отырған Жобаларға  тоқталып, жұмыс алгоритмімен таныстырды, әдістемелік нұсқаулар берді.