Размер шрифта:
«Құндылықтар негізінде тәрбие беру және ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары» атты онлайн семинар
06-11-2020 18:14
«Құндылықтар негізінде тәрбие беру және ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары» атты онлайн семинар

2020 жылдың 6 қараша күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен инновациялық және облыстағы мамандандырылған мектептер үшін ZOOM платформасы арқылы Қарағанды облысы білім басқармасының «№1 «Білім-инновация» лицей–интернаты «Құндылықтар негізінде тәрбие беру және ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары» атты онлайн семинар өткізді.

Семинар барысында «№1 «Білім-инновация» лицей–интернатының ұжымы лицейде атқарылып жатқан жұмыстары жайлы баяндады. Атап айтқанда:

- Н.Балғабайұлы, тарих пәнінің  мұғалімі «Құндылықтарға негізделген білім беру»;

- Игенова Айгүл Ақмашовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Адамгершілік – құндылық»;

- Егинбаева Гульзинат Амировна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;  Жапабаева Меруерт Секербаевна, тарих пәнінің мұғалімі және 8-сынып оқушылары: Жаңабайұлы Саидамир, Мекентай Әбілмансұр «Құндылыққа негізделген білім беру: зерделеу мен нәтиже»;

- Қанат Әлімжанұлы Егенбердиев, лицей директоры «Әкелер кеңесінің мектептегі орны мен ынтымақтастығы» 

Өткізілген шара мазмұны жағынан өте тартымды, мағынасы терең болды. Тәжірибеге бағытталған семинар көпшілік көңілінен шықты.

Онлайн-семинарға Қарағанды облысының инновациялық мектептерінің 85-тен астам директорлар мен директорлардың орынбасарлары қатысты.