Размер шрифта:
«ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» АТТЫ ОҚЫТУ КУРСТАРЫ
09-11-2020 15:21
«ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» АТТЫ  ОҚЫТУ КУРСТАРЫ

2020 жылдың 9 қарашасынан бастап мұғалімдерге арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» атты бес күндік оқыту курстары ZOOM платформасында онлайн режимде (Күзгі мектеп), ЮТУБ арнасында трансляция арқылы өз жұмысын бастады.

Оқыту курстарын академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары, облыс мектептерінің жетекші мұғалімдері, «Нұрлы Білім» ҚБ мамандары, «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ мамандары жүргізеді.

Қарағанды облысының 18 өңірінен және мамандандырылған мектеп-интернаттардан 186 педагог қамтылды.