Размер шрифта:
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КУРСТАРЫ
09-11-2020 15:27
 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КУРСТАРЫ

2020 жылғы 09 - 14 қараша аралығында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығы академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетімен, Қарағанды қаласының «№27 ЖББОМ» КММ ресурстық орталығымен бірлесіп инклюзивті білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін жалпы білім беретін мектептер директорларының орынбасарлары үшін 36 сағат көлемінде «Инклюзивті білім беру жағдайында ЕББҚ білім алушылар үшін жеке білім беру траекториясын әзірлеу технологиясы» қашықтық курстарын өткізеді.