Размер шрифта:
«Болашақ басшы» Қарағанды облысы білім беру ұйымдары басшыларының кадрлық резервтерінің жылдық оқыту курсы
09-11-2020 09:14
«Болашақ басшы» Қарағанды облысы білім беру ұйымдары басшыларының кадрлық резервтерінің  жылдық оқыту курсы

2020 жылдың 9 - 11 қарашасы аралығында Күзгі мектеп аясында облыстың білім беру ұйымдары басшылары резервінің жылдық курсының I модулі өткізіледі .

Курс үдерісінде білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы, Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар, үлгілік оқу жоспарлары, мектеп директорының базалық экономикалық құзыреттері, мектептердегі педагогикалық және әдістемелік кеңестердің рөлі мен жұмысы және т.б. мәселелер қаралатын болады. Аталған мәселелер бойынша Қарағанды қаласының жетекші мектеп директорлары курс тыңдаушыларымен өз тәжірибелерімен бөліседі.

Курста Қарағанды облысының 18 аймағынан директорлардың кадрлық резервіне алынған 180 педагог қатысады.