«WEB-МАСТЕР» ОБЛЫСТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «WEB-ДИЗАЙН» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚЫТУ КУРСЫ
13-11-2020 14:37
«WEB-МАСТЕР» ОБЛЫСТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «WEB-ДИЗАЙН» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚЫТУ КУРСЫ

 

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Web-технологиялар саласында танымдық қызығушылықты қалыптастыру, инновациялық құзыреттілікті, шығармашылық қабілеттерді дамыту мақсатында, сонымен қатар «Web-мастер» облыстық жобасын енгізу аясында 2020 жылдың 09-13 қараша аралығында «Web-дизайн» тақырыбы бойынша қашықтықтан оқыту курсын ұйымдастырды.  

Курстың мақсаты: Web-технологиялар саласында танымдық қызығушылықты қалыптастыру, инновациялық құзыреттілікті, шығармашылық қабілеттерді дамыту.

Курс тренері: Бердиходжаев Адилбек Сайлауович – LEGO Education академиясының тренері, «Kazdidac» білім беру орталығының мастер-тренері, біліктілігі жоғары сайт құру маманы.

Курстарда мұғалімдер сайттарды ашуды, өзгертулерді енгізуді, эскизді өзгертуді, ақпаратты енгізуді, редакциялауды және сайттың дизайнын таңдауды үйренді.

Педагогтер курстың заманауи екендігін, курс жаттықтырушысының сауаттылығы мен кәсібилігін, сондай-ақ материалды жеткізудің анықтығы мен қисындылығын атап өтті. 

Курс соңында барлық мұғалімдер курстан өткендігі туралы сертификаттар алды.