Размер шрифта:
«Көктемгі мектеп»
31-03-2021 13:58

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдары педагогтерінің, директорлардың кадрлық резервтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2021 жылдың 25-31 наурыз аралығында онлайн режимде Көктемгі мектеп жұмысын ұйымдастырады.

«Көктемгі мектеп» аясында келесі курстар ұйымдастырылады:

  • «Болашақ басшы» кадрлық резерв мектебі;
  • Проблемалық аймақтар бойынша облыс мұғалімдерінің пәндік құзіреттілігін арттыру курстары;
  • Облыс мектептері директорларының орынбасарларына арналған курстар;
  • «3D панорама және виртауалды тур» оқыту курсы;
  • «Python тілінде бағдарламалау»оқыту курсы.