01.10.2014 жылы «Шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі» тақырыбында On-line семинар өтті.
21-10-2014 09:52
01.10.2014 жылы «Шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі» тақырыбында On-line семинар өтті.

 

-         01.10.2014 жылы «Шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі» тақырыбында On-line семинар өтті.

Мақсаты:ШЖМ-ның қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттамалар бойынша педагогтердің білімдерін жетілдіру,білім беру процесін ұйымдастырудағы проблемаларды анықтау және шешу  жолдарын қарастыру.

Семинар бойынша  келесі ұсынымдар айқындалды:

1.     РО даму бағдарламасын құру және бекіту;

2.     РО жұмыс жоспарын, бастапқы сессияның іс-шаралар бағдарламасын, бірыңғай оқу жоспарын лабораториямен келісу;

3.     Нормативтік-құқықтық құжаттарды оқып-біліп, басшылыққа ала отырып жұмыс атқару;

4.     Сессиялық сабақтар кезеңіндегі тірек мектебі жағынан (ресурстық орталық) білім алушылардың тұруын, тамақтануын, тасымалдануын ұйымдастыруына қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарды оқып-білу;

5.     Тірек мектептеріне магнитті мектептерді бекіту туралы бұйрықты тапсыру.

 

-         Бастапқы сессияны ұйымдастыру, өткізу және тірек мектебінің оқу-педагогикалық құжаттамаларын  жүргізу  бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2014 жылдың 13-14 қазан күндері ШЖМ дамыту лабораториясының ғылыми жетекшісі Контаев С.С., әдіскерлері Сулейменова К.А, Бердаленова Ж.С.  №3 Киевка тірек мектебінде   және №9 Осакаровка кентінің тірек мектебінде болып қайтты. Мектептер жаңа оқу жылына дайын, Ресурстық орталықтың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттамалар бар. Бірақ, құжаттамаларды жүргізу бойынша бірқатар маңызды ескертулер жасалды.№3 Киевка тірек мектебінде сабақтарға қатысып, талдау барысында оқу материалының ерекшелігін ескере отырып, сабаққа қойылған мақсаттары мен міндеттерінің дұрыс-бұрыстығына, осы сабақтың тақырып бойынша сабақтар жүйесіндегі орнына баға берілді, сонымен қатар ұсыныстар да айтылды.