Размер шрифта:
«Сахара сұңқары-Сәкен»
24-04-2021 09:05

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды қаласының білім бөлімі  және  Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның ұйымдастыруымен 2021 жылдың 23 сәуірінде  «Сахара сұңқары-Сәкен» тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі. 

Конференцияның негізгі бағыттары және пікірталас алаңдары:

1. «Сәкен жолы – «Тар жол тайғақ кешу»»

Идеясы: Сәкеннің саяси-қоғамдық күрескерлік өмір жолын зерттеу, насихаттау, тың  идеялармен бөлісу.

2.  «Сәкен – туған халқының ер ақыны»

Идеясы: С.Сейфуллин шығармашылығының түрлі жанрлық ерекшелігіне, тақырыптық сан қырлылығына баға беру.

3. «Сахара сұңқары-Сәкен» 

Идеясы: Мәдениет майдангері шығармашылығын оқытудағы озық тәжірибелерімен бөлісу.