Размер шрифта:
«Шағын жинақты мектептің Үздік мұғалімі» облыстық байқауы
21-05-2021 12:53

Байқаудың мақсаты:

Шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірбиесін анықтау және бағалау, ШЖМ-де пәндердің оқыту деңгейін арттыру. 

Байқау міндеттері: 

     - білім беру сапасын арттыру міндеттерін табысты шешетін, шығармашылықпен жұмыс атқаратын шағын жинақты мектеп мұғалімдерін анықтау және қолдау;

- білім беру ұйымдары, қала, аудан деңгейінде   өзекті мәселелерді шешеуге  бағытталған білім беру қызметін ынталандыру. 

Ережеге сәйкес байқау 3 кезеңде өткізілді:

Бірінші кезең- 12-23 сәуір, 2021 ж-аудандық.

Екінші кезең 28 сәуір – 6 мамыр 2021ж. – аудандық байқаудың қорытындысы бойынша әр ауданнан ұсынылған  мұғалімдердің жұмыстарының сараптамасы жасалынып, ақтық кезеңге қатысушыларды анықтау.

Үшінші кезең – ақтық кезең 21 мамыр 2021ж. өтеді.