Қарағанды облысында «Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және жаңа көзқарас» форумы өтті
25-03-2022 15:08
Қарағанды облысында «Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және жаңа көзқарас» форумы өтті
      Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің қабырғасында үш жүзден астам қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жиналды.
4 секциялық алаң аясында қатысушылар орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың мазмұны, білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары, оқушылардың жобалау-зерттеу қызметі және басқа да көптеген өзекті тақырыптар бойынша мәселелерді талқылады.
Пленарлық отырыстың спикерлері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Рауандина Айтжамал Қалкенқызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ ОБО оқытушысы Смағұлова Ғазиза Ғабдоллақызы, Е.Бөкетов атындағы ҚарУ профессоры Смағұлов Жандос Қожахметұлы, сондай-ақ Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы мұғалімі Тусупханова Бану Аманқызы болды. Ашық микрофонда форумға қатысушылар қозғалған тақырыптар бойынша өз ойларымен және ұсыныстарымен бөлісті.
Форум қорытындысы бойынша облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова пәнді оқытуды жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.