«Болашақ басшы» директорлар кадрлық резервінің курстары
25-03-2022 17:28
«Болашақ басшы» директорлар кадрлық резервінің курстары

      Көктемгі мектеп аясында Қарағанды облысында білім берудідамытудыңоқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың24-25 наурызында Қарағанды облысының білім беру ұйымдары директорларының «Болашақ басшы»кадрлық резерві курстарының III модулін өткізді.

III модуль сабақтарының тақырыптары:

  • Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері;
  • «Білімал»АБЖ;
  • Жас мамандармен жұмысты ұйымдастыру;
  • Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.

Курс қорытындысы бойынша: қатысушылардың 57,6%-ы мектепті басқарудағы кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға; 66%-ы оқу-тәрбие процесінің қазіргі нысандары мен әдістерін игеруге; 17%-ы қалыптасқан кәсіби құзыреттіліктер деңгейін бағалауға; 12,5%-ы басшы мәртебесін арттыруға деген ұмтылыс анықталды.

Курстар қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Орыс тілінде - 9 адам, қазақ тілінде - 30 адам курсты аяқтады.