«КОМПЬЮТЕРЛІК ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ» тақырыбында шеберлік-сынып
25-03-2022 17:34
«КОМПЬЮТЕРЛІК ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ  САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ» тақырыбында шеберлік-сынып

      2022 жылдың 25 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың орынбасарларына, информатика пәнінің мұғалімдеріне Халықаралық зерттеулер аясында «Компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты арттыру» тақырыбында шеберлік-сынып өткізілді. Барлығы 100 педагог қатысты.

Шеберлік-сынып барысында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

-«Білім берудегі ақпараттық сауаттылық» - Максутова Гулжахан Кашебдинқызы,Балқаш қаласының«№ 16 ОМ» КММ информатика пәнінің мұғалімі;

- «Формирование информационной компетенции  в ходе урочной и внеурочной деятельности»-Воробьева Марина Геннадьевна, Саран қаласының «№17 мектеп-гимназия»КММ информатика пәнінің мұғалімі.