«Ән арнаймын, саған Қарағанды!» облыстық байқауының қорытынды кезеңі
28-03-2022 21:08
«Ән арнаймын, саған Қарағанды!» облыстық байқауының қорытынды кезеңі

      2022 жылдың 28 наурызында бейінді музыкалық колледждерді қоспағандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Ән арнаймын, саған Қарағанды!» облыстық байқауы өткізілді.

Байқауға 10 өтінім ұсынылды. Қазылар алқасы оларды музыкалылық, әртістік, образды көркем түсіндіру, дауыс тембрі, диапазон және т.б. бірнеше критерий бойынша бағалады.

Байқаудың жеңімпаздары анықталды:

1 орын– Бектібаева Балкен, «Ж.Е. Букенов атындағы Қарағанды  банк колледжі» ЖММ, жетекшісі Шоланова Айгуль Елубаевна;

2 орын– Петкевич Анастасия, «Теміртау техникалық колледжі» КММ, жетекшісі Бикенова Аккыз Кусаиновна;

3 орын– Айдаров Адильжан, «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі» КММ, жетекшісі Жумабай Ардак Арманович.