«Qopter club» облыстық байқауы
28-03-2022 21:13
«Qopter club» облыстық байқауы

      2022 жылдың 28 наурызында  Қарағанды техника-құрылыс колледжі Қарағанды ​​облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығыменбірлесіп  ақпараттық сауаттылық апталығы шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Qopter club»  облыстық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты- пилотсызавиациялық жүйелерді басқарудағы талантты, болашағы зор студенттерді іздеу, дамыту және қолдау.

Байқауға 5 студент қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

 1 орын - Кабдулахамитов Ернур Нуржанович, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті;

2  орын - Жапенов Мадияр Асланович, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті;

3 орын -   Васильев Сергей Витальевич,  «Қарағанды  технология және сервис колледжі» КММ.

Жеңімпаздар Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.