28 наурызда Қарағанды облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, проблемалар, перспективалар» форумы өтті.
28-03-2022 21:25
28 наурызда Қарағанды облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, проблемалар, перспективалар» форумы өтті.
      Форумның мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруді басқару мен сапасындағы проблемаларды анықтау.
Форум жұмысына 500 делегат қатысты. Оның ішінде облыстық білім басқармасының жауапты мамандары, білім бөлімдерінің мамандары мен әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері мен педагогтері, жоғары оқу орындарының, педагогикалық колледждердің оқытушылары, біліктілікті арттыру институттарының мамандары, педагогикалық шеберлік орталығының мамандары қатысты.
Форум 2 кезеңде өтті: пленарлық отырыс және секциялық алаңдар жұмысы.
Форумда төрт секция жұмысы ұйымдастырылды:
- «Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық процесті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері және оның мазмұны»;
-   «Сапа критерийлері және менеджмент»;
-    «Ойын – балалардың жетекші әрекеті және дамуының негізгі құралы»;
-    «Мектепке дейінгі тәрбие педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі».
Пленарлық отырыс Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметованың құттықтау сөзімен басталды.
Форум барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту жолдары, мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі, мектепке дейінгі білім беру саласындағы мамандарды даярлау, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы және басқа да мәселелер талқыланды.