«Білім беру мекемелерінде Lego Education білім беру шешімдерін пайдалану» тақырыбында оқыту курсы
29-03-2022 16:42
«Білім беру мекемелерінде Lego Education білім беру  шешімдерін пайдалану» тақырыбында оқыту курсы

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Білім беру робототехникасы» облыстық жобасы аясында          2022 жылдың 24-29 наурыз аралығында «Білім беру мекемелерінде Lego Education білім беру шешімдерін пайдалану» тақырыбы бойынша қазақ және орыс тілдерінде оқыту курсын ұйымдастырды.

Курстың мақсаты:педагогтердің ғылыми-техникалық құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім беру робототехникасын дамыту.

Аталған курс бойынша Қарағанды облысының 39 педагогі оқудан өтті. Курсты Василиади Надежда Константиновна, Пушай Жанболатөткізді.

Педагогтер курстың заманауилығын, жаттықтырушылардың жоғары біліктілігін, сондай-ақ материалды жеткізудің анықтығы мен қисындылығын атап өтті.

Курс соңында барлық мұғалімдер курстан өткендігі туралы сертификаттар алды.