«АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗ-АТА-АНА» ЖОБА
11-04-2022 08:33
«АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗ-АТА-АНА» ЖОБА

      2022 жылдың 11 сәуірінде Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен «Алғашқы ұстаз-ата-ана» жобасы аясында «Қазақ тілін үйретуде балабақша мен отбасының қарым- қатынасы» тақырыбында семинар өтті.

            Семинарда қазақ тілін меңгеру бойынша ата-аналармен жұмысты қалай ұйымдастыру керектігі туралы Нұра, Жаңаарқа аудандары мен Шахтинск қаласының педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті.

            Тәрбиешілер қазақ тілін үйрену үшін ата-аналармен квест ойындарын өткізу қаншалықты қызықты екенін, ата-аналармен сауалнама нәтижелерін, кеңестер мен шеберлік сабақтарын ұсынды.

            Мектепке дейінгі ұйымдардың жобаны жүзеге асыруы туралы Шахтинск қаласының, Нұра және Жаңаарқа аудандарының білім бөлімдерінің әдіскерлері баяндама жасады.