Размер шрифта:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық мультимедиялық байқау
21-04-2022 16:56
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық мультимедиялық байқау

      2022 жылдың 21   сәуірінде  информатика оқытушыларының облыстық бірлестігі шеңберінде ZOOM платформасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық қашықтықтан мультимедиялық байқауөтті.       

Байқаудың мақсаты -цифрлық ақпаратты өңдеу, бастапқы аудио - визуалды және мультимедиялық компоненттерден бейнероликтер, презентациялар, слайд-шоу, медиафайлдар және басқа да мультимедиялық өнімдерді жасау және шығару бөлігінде іскерліктерді, дағдыларды және практикалық тәжірибені қалыптастыру.

Байқау үш номинация бойынша өтті:

1) «Бейнетүсірілім және монтаждау»;

2) «Мультипликациялық әлем»;

3) «Анимациясы бар мультимедиялық презентация».

Байқауға 27 өтінім берілді. Барлық жұмыстар тәуелсіз қазылар алқасының бағалауынан өтеді. Қазылар алқасы байқаудың қорытындысын 2022 жылдың 25 сәуірінде шығарады.