Размер шрифта:
«Зейін» әлеуметтік-педагогикалық жобасы аясында «Функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында шебер сынып
26-04-2022 19:19
«Зейін» әлеуметтік-педагогикалық жобасы аясында «Функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында  шебер сынып

      2022 жылдың 26 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының және Дарын мамандандырылған мектеп-интернат ұжымының ұйымдастыруымен химия және биология пәндерінің мұғалімдеріне ZOOM платформасы арқылы «Зейін» әлеуметтік-педагогикалық жобасы аясында «Функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында шебер сынып өткізілді. Дарын ММИ химия, биология пәндерінің педагогтері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

Карибаева Айжан Мауленовна, жаратылыстану кафедрасының жетекшісі;

Альжанова Раушан Кайдаровна, биология пәні мұғалімі;

Тусупова Гүлбағира Сейтбековна, биология пәні мұғалімі;

Ермекова Гулнар Садуакасовна, химия-биология пәндері мұғалімі;

Нигматулина Анна Жилкибаевна, химия пәні мұғалімі;

Шибаева Салиман Рамазановна, химия пәні мұғалімі.

Барлығы 82 педагог қатысты.