Размер шрифта:
«Ерте жастан Экология» жобасы аясында «Мектептегі экология: ойлау, зерттеу, әрекет ету» семинары
26-04-2022 10:17
«Ерте жастан  Экология» жобасы аясында  «Мектептегі  экология: ойлау, зерттеу, әрекет ету» семинары

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  Саран қаласының білім  бөлімі  және № 6 жалпы білім беретін мектебімен бірлесіп  2022  жылғы 26 сәуірде онлайн-режимде облыстық семинар өткізді.

 Семинар«Ерте жастан  Экология» жобасы аясында бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған   «Мектептегі  экология: ойлау, зерттеу, әрекет ету» тақырыбында ұйымдастырылды.

         Іс-шара барысында №6 жалпы білім беретін мектебінің  бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің «Экоактивити»  бағытындағы жұмыс тәжірибелері  ұсынылды. Қатысушылар виртуалды экологиялық алаңдардағы жұмыстармен танысты. Атап айтсақ: Арт-шеберхана, Эколаборатория, мульстудия, Экспериментум-парк.

         Семинар жұмысына Қарағанды облысының білім бөлімдерінің әдіскерлері, әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері  және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

           Семинар қорытындысын талқылау барысында қатысушылар экологиялық тәрбие бағытында жұмыс тәжірибесін қолданудың маңыздылығын және жұмыс тәжірибесін одан әрі тарату қажеттілігін атап өтті.