Размер шрифта:
Цифрлық сауаттылық бойынша семинар-практикум
27-04-2022 17:32
Цифрлық сауаттылық бойынша семинар-практикум

      2022 жылдың 26-27  сәуірінде Қарағанды ​​облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжімен  бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарыныңинженер-педагог қызметкерлерін цифрлық сауаттылыққа оқыту бойынша семинар-практикум өткізді.

Оқыту барысында педагогтар заманауи цифрлық білім беру технологияларымен жұмыс істеу дағдыларын, оларды оқу процесінде, оның ішінде цифрлық ортада сабақтарды жобалау үшін қолдану принциптерін игерді. Тапсырмалардың көпшілігі практикалық сипатта болды, бұл болашақта ХХІ ғасырда қажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі.

Аталған іс-шараға Қарағанды облысының 200-ден астам оқытушылары қатысты.