Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі аясында «Математикалық сауаттылықты дамыту» атты семинар
29-04-2022 09:37
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі аясында  «Математикалық сауаттылықты дамыту» атты семинар

      2022 жылдың 29 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен және Шахтинск қалалық білім бөлімімен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың орынбасарларына, облыс педагогтеріне Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі аясында «Математикалық сауаттылықты дамыту» атты облыстық семинар өткізілді. Барлығы 100 педагог қатысты.

Семинар барысында математикалық сауаттылықты дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері, математикалық сауаттылық тапсырмаларын құрастыру және орындау мәселелері бойынша Шахтинск қаласының келесі педагогтері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

Дмитриева Анна Владимировна, Қарағанды облысының білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№ 3 жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Ермакова Светлана Геннадьевна, Қарағанды облысының білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№ 5 мектеп-гимназиясы» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Сатемирова Динара Айтымовна, Шахтинск қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі.